Текст
20.04.2026
Кітап апталығы аясында оқушылармен «Кітаптар әлемінде» атты квест-ойын өткізілді. Іс-шара қызықты және танымдық форматта ұйымдастырылып, оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті және балалар әдебиеті шығармаларымен танысты.
Квест-ойын оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Мақсаты:
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту, кітапты насихаттау және ойын түріндегі жұмыс арқылы оқырмандық мәдениетті нығайту.