04.06.2026
4 маусым күні аудандық Көшбасшылар слетінде мектебіміздің оқушылары түрлі бағыттар бойынша жеткен жетістіктері үшін марапатталды.
Балалар қозғалысының белсенділері Сагындыкова Гүлім, Сахи Нұрхан және Шотбай Исатай аудан көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жастар бастамаларын дамытуға қосқан үлестері үшін марапатқа ие болды.
Куанышбаева Сабина облыстық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Утепов Нуртас пен Базарбеков Нурсаян туризм бойынша облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, өздерінің табандылығы мен спорттық шеберліктерін дәлелдеді.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық өмірде жаңа белестерді бағындырып, ел мақтанышы бола берулеріне тілектеспіз.