«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

01.06.2026

Бүгін Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламаны «Көбелек» би тобы (жетекшісі: Ақтас А.Ж.) мен 2 және 4-сынып оқушыларының өнер көрсетулері ашты. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында оқушылар спорттық, би және логикалық бекеттерден тұратын квест ойынына қатысып, белсенділік пен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ужекенова М.К. мен Туленова Г. К балаларды мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді. Шара соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық мерекенің басты көрінісіне айналды. Барша бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және жарқын болашақ тілейміз!

 

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст