«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19 наурыз күні 5-11 сынып оқушыларының ата - аналарымен «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде “Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

19.03.2026

19 наурыз күні 5-11 сынып оқушыларының ата - аналарымен «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде “Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды оқушылардың оқу жетістіктерімен таныстыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ көктемгі демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру болды.
Жиналыс барысында ІІІ тоқсан қорытындылары талданып, оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу деңгейі, түрлі олимпиадалар, конкурстар, спорттық және шығармашылық іс-шаралардағы жетістіктері айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың мектепішілік және қоғамдық өмірге белсенді қатысуы назарға алынды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болды. Бұл бағытта ата-аналарға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың интернетті пайдалануын бақылау, сондай-ақ ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы кеңестер берілді. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы ерекше атап өтілді.
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері де кеңінен қозғалды. Атап айтқанда, мұздың жұқару кезеңінде су айдындарына бармау, жолда жүру ережелерін сақтау, балалардың қайда және кіммен жүргенін бақылау қажеттігі ескертілді.
Жиналыс соңында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектеппен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы қорытынды ұсыныстар берілді.

Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст