21.01.2026
«Заң мен тәртіп» айлығы аясында 2-4, 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заң мамандықтары» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Есіл аудандық полиция бөлімінің УПИ ҚҚБ полиция капитаны Елькеев Еркебулан Еруланұлының қатысуымен кездесу форматында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында полиция қызметкері өзінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы айтып, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығына, ішкі істер органдарындағы қызметке қойылатын жауапкершілік пен талаптарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, оқушыларға құқық қорғау саласындағы мамандықтарға қойылатын талаптар, кәсіби даярлықтың ерекшеліктері және қызметке қабылдану тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталды.