Текст
Жиналыс барысында ата-аналар:
🔹 мектептің ішкі тәртіп ережелері мен оқушының мінез-құлық кодексімен танысты;
🔹 мектеп формасын сақтау мәдениеті және оқушының сыртқы келбеті туралы ақпарат алды;
🔹 оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын талқылады;
🔹 психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары туралы мәлімет алды;
🔹 «Мектептегі жанжал немесе буллинг? Ажырата білейік және дұрыс әрекет етейік» тақырыбында пікір алмасты;
🔹 республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы қолдау шаралары мен «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасымен танысты.