Текст
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың ата-анаға, ұстазға, Отанға деген сыйластықтары мен құрметтерін арттыру.
Сынып сағатының міндеті:
-ризашылық, рақмет, алғыс туралы түсінік беру;
- бір-біріне деген сыпайылық қарым-қатынасын дамыту.
Оқушылар сынып сағатында алғыс күнінің тарихымен танысып, тапсырмалар орындады. Оқушылар табиғатқа, ата-анаға, Отанға, мектепке жылы тілектерін білдіріп, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, көмектескен сәттерін еске алып, бір-біріне алғыстарын білдірді.
Өткізген: Лапенова А. М., Қуанышбай Г. Е.