«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022жылға арналған есеп

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2022жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Заңды мекенжайы:Красивое селосы.  Тәуелсізлік көшесі 31.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Красивый ауылының ЖОББМ»КММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылы 193 қызмет көрсетілген:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 8;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 53;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 132.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

 

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

                Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпараттар мектептің интернет сайтында орналастырылған http://sc0015.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 «Мемлекеттік  қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары менережелері орналастырылған.  Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылы «Красивый ауылының ЖОББМ»КММ  БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мақалалар жарияланады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында  мектеп бірыңғай ақпараттық жүйедеАkmola.kz порталында жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2023 жылы«Красивый ауылының ЖОББМ» КММ  жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Орынд. Мектеп директоры Гунар Л.В.

Тел.27-7-03

 

Жаңартылған күні: 10.03.2023 09:19
Құрылған күні: 10.03.2023 09:19

Текст