Мектепте «Асыл әже» атты әжелер клубы жұмыс жасайды. Клубтың жетекшісі қазақ тілі мұғалімі - Сабекова Маржангуль Жунусбековна. Клуб мүшелері мектеп оқушыларының әжелері. Клубтың басты мақсаты – қазіргі кезден бастап, жас бойжеткен, бой жетіп келе жатқан қызбалаларын болашақ өмірге дайындап, оларға ақыл кеңес беру болып табылады. Клубтың басты алғышарттарының бірі- «Келінім- саған айтамын, қызым-сен тыңда!» Клуб мүшелері мектептегі тәрбие жұмысына белсене араласады. Көптеген іс-шараларға қатысады. Қыз балалармен түрлі тақырыптарға кеңес сабақтарын өткізеді, бай өмірлік тәжірибелерімен бөліседі. Қазіргі таңда қыз бала тәрбиесін тиісті деңгейде жүргізу маңызды деп білеміз. Қыз – болашақ жар, ана, әже. Қазақ халқы: «Ер адам – ұлды тәрбиелейді, Әйел адам –ұлтты тәрбиелейді»,- деп ана тәрбиесін өте жоғары бағалаған. Біздің де мақсатымыз – ұрпақ жалғастығы. Бүгінгі күн мен өткен күнді байланыстыра отырып, қыздарға тәлім-тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.