Тиімді тамақтану-адам денсаулығына жауапты негізгі факторлардың бірі. Мектеп жасындағы балалар үшін бұл осы кезеңдегі өсу мен дамудың ерекшеліктеріне, сондай-ақ қарқынды оқу жүктемесіне байланысты ерекше маңызды. Оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру олардың денсаулығын және мектепте оқытудың тиімділігін сақтаудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Біздің мектептің тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесі келесі міндеттерді қояды: * Білім алушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету; * Калория мөлшері мен тамақтану теңгерімін бақылау; * Білім алушыларға салауатты өмір салты дағдыларын үйрету; * Салауатты әдеттерді дамыту және салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру; * Тамақтану мәдениетін және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру; Мектепте тамақтанатың оқушылардың ас мәзіріне үлкен мән беріледі, сонымен қатар, " тамақтың құрамында қоректік заттар және қажетті витаминдер мен минералдар болуын қамтамас етеді. Медициналық қызметкер күн сайын азық-түлікті сақтау нормалары мен тағамның калориялылығын бақылайды. Ыдыс – аяқ пен асхана аспаптарын жуу және дезинфекциялау санитариялық-гигиеналық режимнің барлық нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Асханаға кірер алдында қол жуу үшін балаларға раковиналармен жабдықталған арнайы орын ұйымдастырылған.