«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар

18.05.2020 2020 жылдың 5-наурыз күні Ақмола облысы Есіл ауданы Красивый орта мектебінде «2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу үрдісін тиімді басқару арқылы тілді қазіргі заманға сай са-палы оқытуға қол жеткізу» тақыры-бындағы аудандық семинар өтті. Аталған семинарға ауданымыздың білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңге-рушісі-Г.К.Каримова, Кітап қорының әдіскері-А.О.Кудерина, Тілдерді оқыту әдіскері -А.С.Мусина, Тәрбие ісінің әдіскері-Д.Г.Хангишиева және ауданымыз-дың түкпір-түкпірінен ұстаздар қатысты. Семинар барысында, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған сабақ-тар көрсетілді. Қазіргі заман талабына сай оқу барысында үштілділікті тиімді қол-дана білу маңызды фактор болып табылады. Соған орай, біздің мектебіміздің мұ-ғалімдері өз білім қоржындарына жинаған, сабақтарында қолданатын әдіс-тәсіл-дерімен барынша бөлісті. Оқу мен тәрбие-егіз демекші, семинардың екінші бөлігі 2020 жылдағы атаулы мерей тойларға арналды. Атап айтсақ, Алтын Орданың 750 жылдығы, Қазақ хан-дығының 555 жылдығы, Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Шоқан Уали-хановтың туғанына 185 жыл, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Ата заңымыз бен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығы мен «Еріктілер жылы». Семинарымыз аталған мерей тойлар мен ұлыларымызға арналған «Көк байрақтың астындағы Ұлы Ел» атты тәрбиелік маңызы зор іс-шараға ұласты. Мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған ән мен би, жыр жолдары мен тамаша көріністер бір – бірін алмастырып қана қоймай, толықтырып тұрды. Бірде көрерменінің көңілін көтерсе, бірде еріксіз ойлануға жетеледі. Семинарға қатысушылар өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті. Мектеп басшысы мен ұжымына алғыс білдіріп жатты. Семинар өте жақсы деңгейде өтті деп ойлаймыз. Мектеп-ол біздің екінші үйіміз. Біз бір отбасында -Красивый орта мектебінде әр түрлі ұлттың өкілдері бола тұрып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, кез-келген жүкті еңсере алатынымызды тағы бір мәрте дәлелдегендей болдық. Біздің күшіміз-бірлікте! Ал біз өз кезегімізде, алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар және сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жү-рек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үс-тем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуел-сіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ер-теңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік дегіміз келе-ді. Руководитель МО гуманитарного цикла О.В. Дернина. учитель КГУ «Красивинская средняя школа» Тәрбие ісінің меңгерушісі-С.Т.Булатова
Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст