16.09.2022
13 қыркүйек күні 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен және Қуанышбай Г. Е ұйымдастыруымен «Тіл білгірлері» атты интеллектуалдық ойын өткізілген болатын. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, шығармашылық ізденістерін байқау. Оқушылардың сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Сайыс мұғалімнің кіріспе сөзінен бастау алып, бес кезеңде жүргізілді. Сайыста оқушылар белсене ат салысып,тапқырлық таныта білді. Сайыс соңында әділ-қазылардың көмегімен ұпай саны нақтыланып, жеңімпаз топ анықталды. Ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтіп, мақсатына жетті.