«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні!

14.09.2022 Красивый ауылының жалпы білім беретін мектебінде сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті. Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізумен және мемлекеттік гиміннің орындалуымен басталды. Мектеп директоры Гунар Л.В. құттықтау сөз сөйлеп барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты іс-шараға құрметті қонақтар қатысты. Есіл ауданы бойынша білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ашенов А. К, Красивый ауылының әкімдік аппаратының бас маманы Султанова Г. М. сөз сөйледі. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ашенов А. К. аудандық "Мұғалім-2022" жарысындағы мұғалімдер ұжымының жеңісі үшін музыкалық аппаратты сыйға тартты. Сондай-ақ, "Менің Отаным Қазақстан" облыстық туризм жарыстарының жеңімпаздары мен "Ақ бидай"аудандық спартакиадасының жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Жаңа оқу жылындағы құттықтау­лар­дан кейін егемен елдің болашақ ұрпақ­тары, мектепке енді ғана қадам бас­қан бірінші сынып оқушылары жалық­пай білім іздей­тіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Оларға мектеп бітіру­ші түлектері қанат­­тарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ, мектеп оқушылары келген қонақтарға гүл табыстап, құрметтерін білдірді. Бүгінгі жиынымыздың ең толқулы ғажайып сәті енді басталғандай. Күміс қоңырау – оқушылық өмірдің белгісіндей боп жаңғырмақ. Сыңғырлаған алғашқы қоңырау соғылды. Ал, білім күнінің бірінші сабағы, алғашқы қоңырау салтанаты аяқтала салысымен, мектеп оқушылары «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты ашық тәрбие сағатымен жалғасты.
Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст