1. Жалпы жағдай
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес 2021 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 5түрі көрсетіледі.
2021 жылы «Красивое ауылының ЖББМ» 214 (100%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы көрсетілді.
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
«Красивое ауылының ЖББМі» КММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған,сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мақсатында қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникаларымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.
Жұмыс қорытындысы бойынша 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойыншажұмыстар жүргізіледі. 2021 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен бұдан әрі тиімді және қанағаттану деңгейін арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады.
Жалпы, 2022 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушыларға көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасының қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.
Мектеп директоры : Л.В.Гунар