«Білімім – Отаныма!» , «Соңғы қоңырау – 2026»

25.05.2026

 «Білімім – Отаныма!»
🔔 «Соңғы қоңырау – 2026»

Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты «Соңғы қоңырау» жиыны өтті.

Бұл күн — қуаныш пен толқынысқа, сағыныш пен үмітке толы ерекше мереке. Бірінші сынып оқушылары алғашқы оқу жылын аяқтаса, 11-сынып түлектері алтын ұя мектебімен қоштасты.

Салтанатты шара барысында мектеп әкімшілігінің, қадірлі қонақтардың, ата-аналардың ақ тілектері айтылып, үздік оқушылар марапатталды. Ал бүлдіршіндердің жүрекжарды тілектері мен түлектердің әсерлі сөздері көпшіліктің көңілін толқытты.

Соңғы қоңырау үні — балалық шақпен қоштасудың, жаңа өмірге қадам басудың символы.

Құрметті түлектер!
Алдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын!
Ақ жол, 2026 жылғы түлектер! ✨

Просмотров: 6391


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу