Текст
19.04.2026
8-сыныпта өткізілген әдеби кештің негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Кеш барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов,Мұқағали Мақатаев шығармаларынан үзінділер оқып, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара құрылымы жүйелі ұйымдастырылып, мәнерлеп оқу, тапсырмаларды орындады және викторина өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, әдебиетке деген қызығушылықтарын танытты.
Қорытындысында кеш өз мақсатына жетіп, оқушылардың танымын кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етті.Мұғалім :Табагабулова З В.