Текст
17.03.2026
Бүгін мектебімізде 2–4-сынып оқушыларының қатысуымен Наурыз мейрамы мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қыдыр ата мен Көктем кейіпкерлері келіп, балаларға ақ баталарын берді. Сондай-ақ әже балаларға Наурыз көже дайындау жолын түсіндіріп, шашу шашты. Оқушыларға бауырсақ таратылды.
Мереке барысында қызықты викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді түрде жауап берді. Сонымен қатар «Бұрымды қыз» номинациясы өткізіліп, ең ұзын бұрымды қыз анықталды. Ұлттық ойындардың бірі – қол күрес те ұйымдастырылды.
Іс-шара өте көңілді, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.