Текст
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт мектебімізде өтті. Концертке 1-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Шара барысында әндер, би, көркем сөздер және қызықты қойылымдар көрсетілді. Мерекеге келген ұстаздар мен аналар қуанышқа бөленіп, балалардың өнерін тамашалады. Концерт жылы, көңілді атмосферада өтіп, барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.