«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23–27 ақпан аралығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде Республикалық «Алтын жүрек» челленджі аясында «Алғыс кітабы» және “Алғыс жәшігі” акциясы ұйымдастырылды.

01.03.2026

23–27 ақпан аралығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде Республикалық «Алтын жүрек» челленджі аясында «Алғыс кітабы» және “Алғыс жәшігі” акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ұстаздар арасында ризашылық мәдениетін қалыптастыру, құрмет пен мейірімділікті насихаттау, жылы қарым-қатынасты нығайту.
Апта бойы оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына, сыныптастарына және мектеп ұжымына жүректен шыққан жылы сөздерін жазды. Сонымен қатар мұғалімдер де оқушыларға және әріптестеріне өз алғыстарын білдірді.
Іс-шараға 2–11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Жазылған алғыс сөздері мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін арттырды.

 

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст