4 ақпан күні мектебімізде 7–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат турнирі өтті.

04.02.2026

4 ақпан күні мектебімізде 7–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат турнирі өтті. 
Турнирдің негізгі тақырыбы – жаман әдеттерден сақтану және олардың алдын алу, атап айтқанда: лудомания, нашақорлық, кибергигиена, зорлық-зомбылық, қорқыту және басқа да әлеуметтік қауіпті құбылыстар.
Дебат барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өз аргументтерін дәлелдеп, қарсыластың пікірін талдап, ой-пікір алмасу қабілеттерін көрсетті.
Турнир барысында оқушылар:
    •    әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
    •    зиянды ойындарға және нашақорлыққа қарсы тұру;
    •    зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы көзқарас қалыптастыру;
    •    психологиялық тұрғыдан бір-біріне қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Дебат өте қызықты өтті, қатысушылар өз ойларын нақты жеткізіп, дәлелдермен қорғай білді.

 

Просмотров: 2787


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу