«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылдың 12 қаңтар күні «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы аясында “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” тақырыбында 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.

12.01.2026

2026 жылдың 12 қаңтар күні «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы аясында “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” тақырыбында 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. 
🎯 Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы ата-аналардың түсінігін кеңейту, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ баланың жеке шекарасына құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында ата-аналарға жасөспірімдердің жеке шекарасының түрлері, оның бұзылу белгілері және бұл жағдайдың баланың психологиялық жағдайына әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-ананың рөлі, балаға сенім арту, ашық диалог орнату және қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Жиналыс тренингтік форматта ұйымдастырылып, жағдаяттық тапсырмалар, пікір алмасу және кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. 
Қорытынды бөлімде балалардың қауіпсіз ортада дамуы үшін отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Ата-аналар жиналысы өз мақсатына жетіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлер мен қызығушылық тудырды.

Просмотров: 174


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст