Текст
15.12.2025
🇰🇿 «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»
Мектебімізде 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, Тәуелсіз еліміздің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сонымен қатар қауіпсіздік сағаты аясында
«Зиянды бағдарлама. Қауіпті қалай тануға болады?»
тақырыбы қозғалды. Оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіптер, зиянды бағдарламалардың түрлері және олардан қорғану жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.
Тәрбие сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың қауіпсіздік пен елдік құндылықтар туралы түсінігін кеңейтті.
Білімді, саналы және қауіпсіз ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!