Текст
15.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жастық» өзін-өзі басқару ұйымы бастауыш сынып оқушылары арасында үстел үсті ойын өткізді.
Ойын барысында қатысушылар цифрлары бар кубикті лақтырып, түскен санға сәйкес асықтар арқылы алға жылжып отырды. Ойын үстел үстінде арнайы белгіленген жол бойымен өтіп, командалар Қазақстан Республикасының Туын пайдалана отырып алға жылжыды.
Мәреге бірінші болып жеткен команда жеңімпаз атанды. Аталған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.