«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 8 және 11-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді.

15.12.2025

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 8 және 11-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін арттыру, тәуелсіз елдің саналы, жауапты азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбие сағаты барысында тәуелсіздік құрбандары туралы мәліметтер беріліп, олардың ел болашағы үшін жасаған ерлігі туралы айтылды. Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тақырып бойынша білімдері пысықталды. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке арналған бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың патриоттық сезімін арттыруға ықпал етті.
Тәрбие сағаты барысында 10 минуттық «Өзіңіз туралы жеке ақпаратты беру – қауіпті!» қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты – оқушыларға жеке деректердің маңыздылығын түсіндіру, интернет пен әлеуметтік желілерде ақпаратты қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар жеке ақпарат ұғымымен танысып, аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, логин мен құпиясөз, жеке фотосуреттер секілді деректерді бөгде адамдарға берудің қауіпті екенін білді. Әлеуметтік желілерде, соның ішінде Instagram, WhatsApp, TikTok платформаларында жеке мәліметтерді жариялаудың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді.
Өткізген: Лапенова А. М., Қуанышбай Г. Е.

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст