11.12.2025
Мектебімізде «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігіне қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – белсенді жастарды қолдау және мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Салтанатты шараға мектеп директорының міндетін атқарушы Биндевальд О. Н., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмакова Р. К., учаскелік инспектор Бирюков Д. А., мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Рәсім барысында ұйымға қабылданатын оқушыларға «Жас Ұрпақ» белгісі бар шарф тағылды. Осы салтанатты рәсімде 16 жасқа толған 10 оқушы «Жас Ұрпақ» ұйымының толыққанды мүшесі ретінде қабылданып, ант берді.
Өз сөзінде мектеп директорының міндетін атқарушы жастар бастамаларының маңыздылығын және өскелең ұрпақтың қоғамдық өмірдегі рөлін атап өтті. Ол «Жас Ұрпақ» ұйымы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға бағытталған идеялар мен жобаларды жүзеге асыратын алаң екенін айтты. Сондай-ақ жаңа мүшелерге болашақта табысты жұмыс, жауапкершілік пен бастамашылдық танытуларын тіледі.
«Жас Ұрпақ» ұйымының қатарына енген жастар өздеріне көрсетілген сенімді ақтайтынын және қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруда белсенді болатынын жеткізді.