Текст
09.12.2025
Бүгін мектебімізде «SMART BALA» жобасы аясында «Startup» байқауы жоғары деңгейде өтті!
3–7 сынып оқушылары өздерінің тың идеяларын ұсынып, заманауи технологияларды қолдану арқылы қызықты жобалар әзірледі. Байқау барысында оқушылар кәсіпкерлік дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін және өз жобасын көпшілік алдында қорғау шеберлігін көрсетті.
Қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы ерекше қуантты. Әрбір жоба бір-біріне ұқсамайтын, жаңашыл идеяларға толы болды.
Байқау жеңімпаздары алдағы уақытта марапатталады. Барлық қатысушыларды бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз! Мектебіміз осындай талантты, ізденімпаз оқушыларымен мақтанады.