Текст
08.12.2025
8 желтоқсан 2025 жылы мектебімізде 7–10 сынып оқушылары арасында “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны шеңберінде мектепішілік пікірсайыс өтті.
Турнирдің мақсаты –оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуге үйрету, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару және жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен білім деңгейлерін көрсетті. 2025 жылы бұл науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен ұйымдастырылды.