Текст
04.12.2025
2025–2026 оқу жылына арналған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспары аясында 6–9 сынып оқушыларына арналған «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы бойынша «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» тақырыбындағы тренинг сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар:
* эмоцияларды тану және ажырату;
* өз сезімін дұрыс білдіру;
* ішкі күйді бақылау;
* стресс пен дау-дамайды басқару дағдыларын меңгерді.
Сынып жетекшілерінің қолдауымен оқушылар белсенді қатысып, түрлі жаттығулар арқылы эмоцияны сауатты жеткізу жолдарын тәжірибеде қолданды.