«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп асханасын бракираждық комиссияның тексеруі

28.10.2025
 
Бүгін, 2025 жылғы 23 қазан күні, мектептің бракираждық комиссиясы асхананы жоспарлы түрде тексерді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, асхананың санитарлық жағдайы, өнімдерді сақтау мерзімдерінің сақталуы және қажетті құжаттаманың жүргізілуі қаралды.
 
Тексеру нәтижесінде анықталғаны:
• тағамдар сапа және дәм талаптарына сай дайындалған;
• өнімдер тиісті жағдайда сақталады, сақтау мерзімдері бұзылмаған;
• асхана мен ас ішу залының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық;
• қызметкерлер санитарлық киімде жұмыс істейді, жеке гигиена ережелерін сақтайды.
 
Ешқандай ескерту анықталған жоқ. Мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
 
Бракираждық комиссия құрамы:
• Бракираждық комиссия төрайымы: мектеп директорының міндетін атқарушы Биндевальд О.Н.
• Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Ужекенова М.К.
• Әлеуметтік педагог:Жакупова А.М.
• Медициналық қызметкер: Джапашева А.А.
• Шаруашылық жөніндегі директордың 
орынбасары: Банный Д.Н.
Ата-аналар комитетінің төрайымы:Балгенова Е.И
Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст