Текст
Бүгін мектебімізде 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымдық рух пен ұйымшылдықты арттыру, күз мезгілінің ерекшеліктерін танып-білуге баулу.
Шара барысында әр сынып өздерінің командалық атауларын және ұрандарын таныстырды. Сонымен қатар, оқушылар күз мезгіліне байланысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, түрлі сайыстар мен ойындарға қатысты.
Іс-шара оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділік пен ұйымшылдыққа тәрбиеледі.