КҮЗГІ АСАР 2025

10.10.2025

2–4 сынып оқушылары арасында өткен “Күзгі асар” жәрмеңкесі – шығармашылық пен шабытқа толы ерекше күн болды! 
Балалар өз қолдарымен жемістерден жасалған көрмелік композициялар, картон мен түрлі материалдардан бұйымдар, сондай-ақ күз тақырыбындағы суреттер дайындап, мектеп ауасын жылулық пен қуанышқа бөледі. 

Бұл шараның басты мақсаты – балалардың қиялын дамытып, еңбекқорлық пен табиғатты сүйе білу қасиеттерін арттыру. 
Әр сынып өз қабілетін ерекше көрсетті, ал әр жұмыс – кішкентай жүректен шыққан үлкен шабыттың жемісі! 

 Жәрмеңкені ұйымдастырған жауапты сыныптар – 3 “А” және 3 “Б”!
Барлық оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға белсенді қатысқаны үшін үлкен алғыс! 
Осындай шаралар балаларды біріктіріп, достық пен шығармашылық рухын күшейтеді.

Просмотров: 797


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу