Текст
5 «а» және 5 «б» сынып оқушылары қарттарымызды жүрекжарды тілектер жазылған ашықхаттармен қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.
Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімінің орынбасары Сыздықпаев Ерлан Тимурович, мектеп директоры және оқу ісі жөніндегі орынбасары ардақты қарттарымызға ізгі тілектерін арнап, ыстық ықыластарын білдірді.
3–7 сынып оқушылары әсем әндер шырқап, әсерлі өлеңдер оқып, түрлі өнерлерін паш етті. «Көбелек» би тобы әсем би биледі.
Жетекшісі: Ақтас Аружан Жәнібекқызы
Қымбатты қарттарымыз! Сіздер – мейірім мен даналықтың бұлағысыздар. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасылық шаттық тілейміз!