«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19 қыркүйек күні мектебімізде «Тілашар» мерекесі өтті!

19.09.2025

Бұл күн – мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өміріндегі ең алғашқы қуанышты сәттердің бірі болды.
Мерекеге ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Алдымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмакова Р. К. құттықтау сөз сөйлеп, балдырғандарға ақ тілегін жолдады.
«Білім ханшайымы» келіп, балалардың білімін сынап, оларға «Білім кілтін», медальдар мен тәтті сыйлықтарын табыс етті.
Балғын шәкірттеріміз өлең оқып, әсем әндер орындады. Сынып жетекшілері де жүрекжарды тілектерін айтып, шәкірттеріне сәттілік тіледі.
«Тілашар» мерекесі – кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін үлкен мектеп өміріне басталған алғашқы қадам болып есте қалды.

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст