«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы қоңырау

01.09.2025

 Бүгін мектебімізде 2025–2026 жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті!
“Мектебім – мейірім мекені” атты мерекелік шараға ауыл әкімі Косиченко Николай Сергеевич, аудандық мәслихат депутаты Буканов Қайрат Қайдарұлы және Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің спорт және АӘТД әдіскері Нұрқанат Қадырұлы, еңбек ардагерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

 Әсіресе бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн – ерекше. Олар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты. Ауыл шаруашылығы «Жаңа-тилек» қожалығы тарапынан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды. Ал түлектеріміз кішкентайларға ақ тілектерін айтып, естелік сыйлықтарын ұсынды.

Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын! Барша шәкірттерге сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст