Іс-шара барысында балаларға бұл күннің маңыздылығы түсіндірілді: балалар ауыр, зиянды жұмыстарда жұмыс істеуге емес, оқу мен демалуға, ойнауға және қауіпсіз ортада өмір сүруге тиіс.
Балалар әр балада құқықтар бар екенін білді – білім алуға, демалуға, қорғалу мен қамқорлық көруге. Сонымен қатар, міндеттері туралы да айтылды – өзге адамдарды құрметтеу, ережелерді сақтау және өзіне де, айналасына да жауапкершілікпен қарау.
Оқушылар бала еңбегінің зияны мен балалық шақты қорғау қажеттігі туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында балалар алақандарын бояуға малып, ватманға із қалдырды, ал оның ішіне өз құқықтары мен тілектерін жазды. Бұл символдық әрекет балалардың өз құқықтарын білуі мен оларды қорғаудың маңызын түсінетінін білдірді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіз өмір сүруінің маңыздылығына назар аударту болды.