Текст
Бұл күні оқушылар үшін танымдық саяхат ұйымдастырылды. Балалар Есіл қаласының балалар кітапханасына экскурсия жасап, кітапхананың құрылымы мен жұмыс тәртібімен танысты. Олар кітап қорымен танысып, кітапханашы мамандығының ерекшеліктері жайлы қызықты мағлұматтар алды. Сапар барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Экскурсиядан кейін алған әсерлерін бейнелеп, сурет салды. Бұл күн балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, кітапқа, оқуға деген қызығушылығын арттырды.