Текст
Бүгін «Гүлдер» мектеп жанындағы жазғы алаңда Денсаулық күніне арналған қызықты күн өтті. Таңертең балалар көңілді таңғы жаттығу жасап, күнді сергектікпен бастады.
Балалар «Мойдодыр» мультфильмін тамашалап, тазалық пен салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінді. Мектеп психологы Дудченко Н.А. балалармен бірге қызықты психологиялық ойындар өткізіп, олардың көңіл күйін көтерді.
Күн өте белсенді, көңілді әрі пайдалы өтті!