Текст
     
                                
             02.06.2025
                02.06.2025
        Бүгін біз үшін ерекше күн — жазғы маусымның ашылуы!
Балаларымыз жазғы лагерьдегі алғашқы күнін көңілді, пайдалы әрі әсерлі басталды!
🔹 Күніміз белсенді таңғы жаттығумен басталды.
🔹 Лагерьмен танысып, қауіпсіздік ережелерін қайталадық.
🔹 “Танысайық, достар!” ойыны арқылы бір-бірімізбен жақын таныстық.
🎨 “Менің жазғы демалысым” тақырыбында сурет салып, балалар шығармашылықтарын көрсетті.
🛡 Қауіпсіздік – ең маңызды мәселе! Үйге қайтар жолда сақталатын қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізілді.