«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді, зал шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Соңғы қоңырау» салтантты жиынын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы өтті. Салтантты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі сөздерімен басталды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының м.а. Биндевальд О. Н., келесі құттықтау сөз салтанатты жиынның құрметті қонағы ауыл әкімі С.Р. Жармағамбетов, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. К. Әлменовке берілді.
Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кітабын тапсырды. Осыдан кейін, мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.