Текст
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті.
Оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктермен танысып, майдан мен тылда еңбек еткен батырларды еске алды, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
Балалар соғыс туралы өлеңдер оқып, деректі фильм үзінділерін тамашалап, соғысқа қатысқан арғы аталары туралы естеліктерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа өткенді құрметтеуді, елге деген сүйіспеншілік пен Жеңіс әкелген буынға алғыс сезімін ұялатады.