Текст
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде мазмұнды әрі тағылымды “Жігіт Сұлтаны – 2025” байқауы өтті.
Бұл байқау – тек сымбат пен сырт келбеттің емес, нағыз азаматқа тән білім мен парасаттың, өнер мен тапқырлықтың, шешендік пен шеберліктің нағыз сынағы болды.
Шараның басты мақсаты – оқушыларды батырлыққа, тапқырлыққа, имандылық пен ұлттық рухқа тәрбиелеу, жан-жақты дамуға баулу.
Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін, күш-жігерлері мен ұлттық дәстүрге деген құрметтерін көрсетіп, нағыз жігіт сұлтанына тән қасиеттерді дәлелдеді.
Қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыс пен биік белестер тілейміз!
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Тәлімгерлер – Қуанышбай Г. Е., Ақтас А. Ж.