Текст
“Таза Қазақстан” акциясы аясында мектепте сенбілік өткізілді.
2025 жылдың 11 сәуір айында елімізде өтіп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Красивый ауылының ЖОББ” КММ ұжымы мен оқушылары сенбілік ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты – мектеп ауласын таза ұстау, оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында:
Мектеп ауласы мен айналасы тазартылды;
Қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді;
Гүлзарлар мен көгалдар ретке келтірілді;
Іс-шараға мұғалімдер, оқушылар белсене қатысты. Сенбілік барысында барлығы бірлесе еңбек етіп, өз үлестерін қосты.
Мектеп әкімшілігі атынан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
“Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі.”