«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әжелер сөзі – тәрбие көзі»

20.03.2025

19 наурыз күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жанынан құрылған «Асыл әжелер» Даналық мектебінің кезекті іс-шарасы өтті.

Шара барысында «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған мектебімізде балалары мен ардақты әжелеріміз қатысты.

Кездесу барысында әжелеріміз бала тәрбиесіндегі әженің рөлі, ұрпақ тәрбиесі, қыз баланың имани қасиеттерін дамыту, отбасы құндылықтары, салт-дәстүр мен ұлттық қолөнердің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.

Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру және насихаттау. Осы мақсатта әжелеріміз балаларды құрақ көрпе құру, ою-өрнек жасау, ұршық иіру секілді ұлттық қолөнердің қыр-сырларымен таныстырып, олардың жасалу жолдарын үйрететін тәрбиелік мәні зор іс-шараларды көптеп ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст