Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына 2025 жылдын дейін сағат 9:00-де қабылданады.
Даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастан бастап балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Өтініш берген кезде:
• Өлшемі 3×4 см баланың сандық фотосуреті;
• 052-2/е («Баланың денсаулық паспорты») медициналық анықтамасы;
• 065/е («Профилактикалық егу картасы») медициналық анықтамасы;
• Шағын учаске бойынша/шағын учаске бойынша емес көрсеткіш толтырылады;
• Мектепті таңдау.
Медициналық анықтамалар ҚР ДСМ сервисінен электронды түрде тартылады (1 сәуірге дейін медициналық тексеруден өту қажет).
Өтініш түрін таңдау кезінде ПМПК қорытындысы болған жағдайда арнайы мектептер мен арнайы сыныптарға өтініш беру іске асырылады.
• Ол үшін НОБД-да арнайы сыныптар мен арнайы мектептердің көрсеткіштерінде бұзушылықтардың түрлерін көрсету қажет (іске асыруда).