Текст
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Есіл қаласының агротехникалық колледжінде Ашық есік күні өтті. Оған Есіл ауданының негізгі мектептерінің оқушылары қатысты. Олар шеберлік сыныптарында аспаз, электргазбен дәнекерлеуші, тракторшы, автомобиль жөндеу слесарі мамандықтары бойынша өздерін сынап көрді. Сонымен қатар, колледж студенттерінің бизнес-жобаларын қорғау шарасына қатысты. Бұл шара WorldSkills Aqmola чемпионатының «Кәсіпкерлікке шақыру» құзыреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу туры аясында өтті.