«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әке – жауапты лауазым» атты аудандық әкелер форумы

13.02.2025

Красивый ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Әке – жауапты лауазым» атты аудандық әкелер форумы өтті.

Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, әртүрлі салада жұмыс істейтін әкелерді бір диалог алаңында біріктірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда озық, дамыған мемлекеттің қалыптасуы тікелей өскелең ұрпаққа байланысты екенін атап өтіп, балалар арасында жалпыадамзаттық және отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жобасы аясында форум қатысушылары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Форумның мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарға құрмет қалыптастыру, дәстүрлі отбасы негіздерін жаңғырту, сондай-ақ әкелерді мектеп пен қоғамдық өмірге тарту болды.

Форум төрт бөлімнен тұрды:

    1.    Форумның салтанатты ашылуы. Қатысушылар іс-шараның бағдарламасымен таныстырылды.

    2.    Практикалық бөлім. 

4 секция бойынша әкелерге арналған сабақтар, психологиялық тренингтер, ойындар ұйымдастырылды. Жұмыс топтары:

    •    1-топ: Дудченко Наталья Александровна – педагог-психолог; Туленова Гульнар Куаншбаевна, Ужекенова Майра Капашовна – Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

    •    2-топ: Гирина Ольга Галинуровна – сынып жетекші; Кабденов Айбол Сайранбекұлы – әлеуметтік педагог (Есіл қаласы №1, №3 мектептері).

    •    3-топ: Малинская Инна Васильевна, Якимова Наталья Валентиновна – педагог-психологтар (Сериков атындағы мектеп).

    •    4-топ: Мутафиди Галина Михайловна – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, Депу Меруерт – әлеуметтік педагог (Свободный ауылының орта мектебі).

    3.    Шеберлік сабақтары ұсынылды:

    •    «Туризм» үйірмесі (жетекшісі – Биндевальд Д.А.).

    •    «Сарбаз» үйірмесі (жетекшісі – Гунар В.И.).

    4.    Пленарлық бөлімде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Хангишиева Д.Г. келесі өзекті тақырыптар бойынша спикерлерді таныстырды:

    •    «Балалардың тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігі» – тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер Шарабака А. П.

    •    «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» – учаскелік инспектор, полиция капитаны Бирюков Д.А.

    •    «Әкелердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі» – ата-ана, Самалхан Сейтхан (Красивый ауылы).

    •    «Ата-ана – баласына үлгі» – ата-ана, Мұнарбай Е.Х. (Ковыльное ауылы).

    •    «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» – ата-ана, Бадрутдинов Ш.Н. (Ақсай ауылы).

Форум соңында әкелер білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шара қонақтарға арналған мерекелік концертпен және дәмді дастарқанмен аяқталды.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст